$ 520.27  537.65  5.24

«Ар-намысың мен иманыңның айнасы»: Мөлдір Әуелбекова орамал таққан қыздарға тілек арнады

"Қоғам пікіріне қарамастан, өз жолыңда табанды болу – нағыз батылдық пен адалдықтың көрінісі".

Фото: @moldir.auyelbekova
Фото: @moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова оқырмандарын орамал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Орамал – тек баскиім емес, ол сенімің мен таңдауыңды қорғау жолындағы рухани күрес. Қоғам пікіріне қарамастан, өз жолыңда табанды болу – нағыз батылдық пен адалдықтың көрінісі.

Барша аруларды Орамал күнімен құттықтаймын! Орамалың – сенің ар-намысың мен иманыңның айнасы. Ол жүрегіңе тыныштық, өміріңе береке сыйласын!

Орамалға келе алмай жүргендерге Алла алтын тәж бұйырсын!», – делінген әнші жазбасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 24
Күлкілі 7
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары