$ 521.6  534.27  5.25

«Қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады»: Ләйлә Сұлтанқызы Алмас Кішкенбаевқа қатысты пікір білдірді

Осыдан бірер күн бұрын Алматыда 40-қа таяған ер адам полицияға жеткізілгенін еске саламыз.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірімге қатысты заңсыз әрекет жасады деп айыпталған күдікті Алмас Кішкенбаевқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Алмас туралы… Шыққан жерін білетіндіктен, анасын, алған тәрбиесін көргендіктен, өз басым жамандыққа қимаймын. Рас болса, қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады. Өтірік, жала жабылған болса, 17 жастағы бала ата-анасымен бірге кешірім сұрап, іс жабыла сала ма? Ал айрандай төгілген Алмастың абыройы ше?», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Осыдан бірер күн бұрын Алматыда 40-қа таяған ер адам полицияға жеткізілгенін еске саламыз. Кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жұмыстары басталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 46
Күлкілі 20
Ашулы 12

Серіктес жаңалықтары