$ 521.6  534.27  5.25

«Ұл туған Айжұлдызға бермейсің бе»: Екінші әйеліне гелендваген сыйлаған Қыран Талапбек елден сөз естіді (ВИДЕО)

Видеода ол сүйіктісіне көлік сыйлап, оны қуантқанын көруге болады.

Фото: instagram.com/kyran_talapbek
Фото: instagram.com/kyran_talapbek

Қыран Талапбек жұбайының туған күніне құны 100 млн теңгеден асып жығылатын Mercedes-Benz G-класс көлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы видеограф өзінің Instagram-дағы парақшасында жаздып, желіге тосынсый видеосын жүктеген.

Видеода ол сүйіктісіне көлік сыйлап, оны қуантқанын көруге болады.

"Туған күнің құтты болсын, махаббатым. Біз кездері, кездесіп жүрген уақытта оған "гелик" сыйлауға уәде бергем. Айттым, орындадым", - деп жазып қойған Қыран.

Желі қолданушылары Талапбектің әйеліне жасаған бұл сыйлығына қатысты жылы лебіздерін жаудырды.

"Бізге де жұғысты болсын", "Құтты болсын! Берекелі, мерекелі көлік болсын", "Керемет", - деп жазып жатыр желідегі оқырмандары.

Алайда мобилографтың бұл ісін жақтырмағандар да бар. 

"Барлығы жасанды екені көрініп тұр, жақсы актриса", "Ұл туған әйеліңе бермейсің бе", "Көрсетпей алып берсеңдерші, біреудің әйелдеріне ой салмай", "Тойымсыз әйел", - деп жазғандар да табылды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 37
Күлкілі 6
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары