$ 520.27  537.65  5.24

«Келіншегім жүкті»: Түрмеден шыққан Мұрат Әбділда үшінші рет үйленді (ВИДЕО)

Абақтыдан шыққанына бес ай болды.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Түрмеден шыға салысымен миллионер атанған әнші Мұрат Әбділда тағы отбасын құрды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде танымал болған Мұрат Әбділда алғаш рет жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Ол өзінің "Абырой" бағдарламасына қатысып, қазіргі кезде Түркістан облысы маңындағы ауылда тұрып жатқанын айтты.

"Біз ауылға 20 жыл бұрын көшіп келдік. Анама түсінде аян беріп, осы жерге қоныс аударуға кеңес берген. Содан бері осы ауылда тұрып жатырмыз. Шаңырағымызда көптеген бақытты сәттер өтті. Осы жерде екі рет үйлендім. Бірінші және екінші жұбайыммен арада бала болмады. Екінші рет үйленгенде, мен бұрынғы әйеліммен бір жылдай ғана тұрдым, кейін ол мені тастап кетті. Қазір араласпаймыз", – деді ол.

Сонымен қатар, Мұрат Әбділда үшінші рет отбасын құрғанын да жасырмады.

"Абақтыдан шыққаныма бес ай болды. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шыққан едім. Содан соң екі айдан кейін үшінші рет үйлендім. Қазір келіншегім жүкті, қыз күтіп отырмыз. Ол перзентханаға дайындалып жатыр. Негізі өзім қыз баламыз болғанын қалаймын. Бірақ Алланың бергені болады. Алла қыз берсе де, ұл берсе де ризамыз", – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары