$ 520.27  537.65  5.24

«96 келіге жеттім»: Алтынай Жорабаева көпшілік білмейтін құпиясын ашты (ВИДЕО)

Алла денсаулық берсін!

Фото: instagram.com/altynaj-zhorabaeva
Фото: instagram.com/altynaj-zhorabaeva

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева қалай салмақ тастағанын оқырмандарына айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі декретте отырып, артық салмақ жинағанын мойындады. 

“Алтынай қыздарыңыз 96 келіден 75 келіге түсті. Аллаға шүкір! Мақсатым – 60 келі болу. Алла денсаулық берсін!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, эстрада жұлдызын танымай қалды. 

“Не деген күш-жігер?!”, “Өте жинақы болып қалыпты”, “Керемет әнші тек тез салмақ қосып алады”, “Сахна артық салмақты көтермейді”, “Қалай жүдеп кеткен”, – деп жазды көпшілік. 

Сондай-ақ әнші сахнадан не себепті көрінбей кеткенін түсіндіріп, іздеген оқырмандарына алғыс айтты.  

“Алтынай-ау әнді қойдың ба? Неге сахнаға шықпайсың?” деген сұрақтарға жауабым: Әнді, сахнаны қойған жоқпын. Алла қаласа, алда талай жоспарлар бар. Алтынайдың екінші демі ашылды”, – деді эстрада жұлдызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары