05.02.2025, 04:30

«Бізді халық іздейді»: Бағлан Әбдірайымов «Жігіттердің» құпиясын ашты

Фото: https://vk.com/albums

Бөлек кетсек те, қайда кетеміз?

Әнші Бағлан Әбдірайымов өзі өнер көрсетіп жүрген «Жігіттер» тобына қатысты шындықты айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Шоу-бизнес өкілі қазіргі кезде топтың шығармашылығы бәсеңдеп қалғанын мойындады. 

«Батыс пен Шығысқа бір-екі концерттерге қатысып келдік. Десек те ол жеткіліксіз. 22 жылдан бері сахнада келе жатырмыз. Бүгінде топтың қарқыны баяу екені жасырын емес. Айдар қыз ұзатып, сүндет тойға арнайы әндер жазып кетті. Одан кейін Шымкентте көшіп кетті. Мырзахан тендер бойынша кәсіп бастап жатыр. Ердос қайырымдылық қорларға қатысып, сол салада жүр. Жан-жақта кеткеніміз рас. Бірақ бұл топ тарады дегенді білдірмейді. Бізді іздейтін халық көп. Айдар әзіл-шыны аралас: «Бөлек кетсек те, қайда кетеміз» дейтін. Сол секілді бірге жүруді жаза берсін. Өзімнің киномның саундтрегін «Жігіттер» тобы орындайды. Өте керемет туындыны жарыққа шығардық деп ойлаймын», – деді әнші.