05.02.2025, 12:40

Трансгендерлер сахнада «Жаса, қазақ елім» әнін айтып жүр (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Пікірлер екіге жарылғанымен, патриоттық мазмұндағы әннің осындай форматта орындалуы көпшіліктің ашуына тигені байқалады.

Әлеуметтік желілерде трансгендерлердің сахнада «Жаса, қазақ елім» әнін орындаған видеосы кеңінен тарап, қоғамда үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікір білдірді. Көпшілік ұлттық патриоттық әндерді трансгендерлер орындамауы керек деген көзқарасты ұстанса, кейбіреулер бұл жағдайды толеранттылық пен әркімнің жеке құқығы тұрғысынан қарау керектігін айтты.

Пікірлер екіге жарылғанымен, патриоттық мазмұндағы әннің осындай форматта орындалуы көпшіліктің ашуына тигені байқалады.

Трансгендер Амилай өз Instagram парақшасында жеке әнін дәл осы клубта орындағанын көрсеткен. Сондай-ақ, ол өз парақшасында клубқа келуге шақырған жазбалар да жариялаған.

Аталған клуб соңғы уақытта трансгендерлерді арнайы қонақ ретінде шақыру арқылы танымал болған. Бұл да қоғамның белгілі бір бөлігінің наразылығын тудырып отыр.

Бұл оқиға Қазақстан қоғамында ұлттық құндылықтар мен толеранттылық арасындағы пікірталастардың өзекті екенін тағы бір рет көрсетті. Әннің орындалуы көпшілік тарапынан ұлттық рәміздерге құрметсіздік ретінде қабылданғанымен, кейбір сарапшылар бұл пікірлердің әр адамның көзқарасына байланысты екенін атап өтті.