Ауылдағы кісілер ауырып қалып жатса, оқыс оқиға болса қалай көмектеседі?!
Танымал хитмен Ұланғасыр Қами бейнебаян түсіріп жүріп, ауыл тұрғындарының мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Ақсу-Аюлы ауылында бейнебаян түсірген еді.
“Бір айта кететін жайт бар. “Такая Жанара” әнінің бейнебаянына жедел-жәрдем көлігі керек болған. Бірақ ауылдан көлікті таппадық. Осы жылы медициналық пункт ашылған. Көліктің гаражы да бар. Бірақ көлік жоқ. Менікі жай ғана клип екені түсінікті. Алайда ауылдағы кісілер ауырып қалып жатса, оқыс оқиға болса қалай көмектеседі?! Оқыс оқиға демекші, ондай жағдай болыпты. Бір кісі ауырып қалған. Ауданға апарайын десе, жедел жәрдем көлігі жоқ екен. Сол үшін кәдімгі көлікпен апаруға тура келіпті. Клип түсіремін деп осы жайтты көріп қалдым. Жоғарыдағы ағалар, назарға алыңыздар!”, – деді әнші.