Аттың басын жіберген отырыс болды.
Әнші Айгүл Иманбаева достарына соғымбасы беремін деп басы дауға қалғанын айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, бұл оқиға жас кезінде басынан өткен. Әнші жастық шағын есіне алып, әлеуметтік желіге видео жариялады.
“Сонау 1994 жылдан, студенттік кезден бірге келе жатқан жақын достарым, жекжаттарым. Жылдағы сағынысып көрісетін "Соғым party-ға” шақырдым. Мен жоқ болсам, жан-жаққа шашырап жүреді. Осылардың басын қосайын деп жинап жатырмын. 31 жылдан бері келе жатқан сенімді серіктерім”, – деп жазды әнші.
Бір қызығы, әртістердің отырысы көршілеріне ұнамай, полиция келіп, қонақтарды таратып жіберген.
“Мазасыз көршім полиция шақырып, отырысты ерте аяқтауға тура келді. Айгүл Елшібаева концертті үйдің алдында жалғастырған. Полиция келіп, бір ән салуымыз кем болып қалды. Аттың басын жіберген отырыс болды”, – деді шоу-бизнес өкілі.