06.02.2025, 22:30

«Бүгін қоштастық»: Жарқынай Ханайым қайын ағасының қазасы туралы айтты

Фото: әлеуметтік желі

Танымал актриса оның әрдайым қолдау білдіргенін ерекше атап өтті.

Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым продюсер Әділжан Юсуповпен қоштасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарқынай Ханайым продюсері әрі қайын ағасы Әділжан Юсупов жайлы суық хабардан соң жазба жариялады.

"Кеше ғана қасымызда отырған Әділжан ағамен бүгін қоштастық. Әрқашан қолдап, мотивация айтып, күліп жүретін жүзіңізді сағынамыз", - деп жазды актриса.

Танымал актриса оның әрдайым қолдау білдіргенін ерекше атап өтті.

"Маған желтоқсан айының соңында үй жаққа келіп, дайын ән сыйлап, осыны шығаршы деп айтып, концертке қосамын, уайымдама, бәрі жақсы болады деп қолдап кетіп едіңіз. Маған ештеңе істеуге міндетті болмасаңыз да, әрқашан концерттерге қосып, қолдауға тырысып жүретін едіңіз. Продакшнға енді келгенімнен бастап жылы жүзбен қарсы алып, қолдау болдыңыз. Маған қиын кезде менің жеке психологым болдыңыз. Әділжан аға сондай күшті дос еді. Бүкіл махаббат желіміздің куәсі едіңіз", - деп жазды Жарқынай Ханайым.