$ 510.49  527.29  5.27

«Құтырған еркек»: Тойда бойжеткенмен билеп, ерсі әрекет жасаған жігіт жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Қыз, жарайсың, аяғыңнан шалса да құламайтын, өркеуде аруым!

Тойда бойжеткенмен билеп, ерсі қылық жасаған ер адам көпшіліктің ашуына тиді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ер адам қасындағы бойжеткеннің аяғын тартып айналдырмақ болғандай әсер қалдырды.

Оның бұл әрекетін желі қолданушылары қатаң сынға алды.

«Есі дұрыс па мынаның? Аяғында несі бар? Қыз, жарайсың, аяғыңнан шалса да құламайтын, өркеуде аруым», «Қыз мықты екен, құлаған жоқ», «Қасында қарап тұрған еркектер неге мәз болып тұр», «Қыздың аяғын сындыра жаздады ғой», «Мақсаты құлату болғаны анық», «Есі дұрыс па? Мас қой шамасы. Мәдениеттен жұрдай. Осындай ессіз тойларды қою керек шығар», - деп жазды желі қолданушылары.

Ал кейбір желі қолданушылары видеодағы жігітті Жайдарман ойындарындағы "Қорқыт" құрамасының мүшесі Құттыбай Сағындықов екенін айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары