10.02.2025, 10:40

Бағым Мұхитденова 23 жыл отасқан марқұм күйеуіне ән арнады (ВИДЕО)

Фото: Instagram/bagym_m

Біздің соңғы рет бірге түскен фотомыз. 

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова қайтыс болған күйеуі Әділжанға арнап ән шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бағым Мұхитденова күйеуі Әділжан Юсуповпен 23 жыл бірге болғанын жаза кетті. 

«Біздің соңғы рет бірге түскен фотомыз. 23 жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Осы әнді саған ғана арнап орындауым ұнайды деп ойлаймын» - деп жазды Бағым Мұхитденова.

Бағымның жазбасының астына Айнұр Тұрсынбаева, Жанар Дұғалова, Алтынай Жорабаева, Ернар Айдар, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Тамара Асар сынды өнер жұлдыздары пікір қалдырып, көңіл айтқан. 

Айта кетейік, қаралы хабарды продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.