$ 511.18  530.6  5.28

«Канализацияға түсіп жатыр»: Қазақстандық актриса үнділердің Кумбха Мела фестиваліне қатысты

Үндістанға жалғыз келу дұрыс шешім болды. 

Фото: https://www.instagram.com/fariza_yeskermes/
Фото: https://www.instagram.com/fariza_yeskermes/

Танымал актриса Фариза Ескермес Үндістанда өтіп жатқан демалысын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі үнділердің атаулы мерекесіне қатысып, алған әсерін бөлісті. 

Айта кетейік, Үндістанда алты апталық Кумбха Мела фестивалі басталып жатыр. Күнәларының кешірілуін қалаған он мыңдаған үндістандық қасиетті өзендердің қосылатын жерінде өте суық суға түсіп, шомылады. Билік мерекеге шамамен 2,5 миллионнан астам адам келеді деп жоспарлап отыр. 

“Маха Кумбха Мела. Бұл видеодан әркім өзінің ішінде не бар екенін көреді.
Жан дүниеңнің тазалығын ойла! Менде бәрі жақсы, тіпті керемет! Жүрегімнің қалауын жасаймын. Үндістан сиқыр мен мистикаға толы. Үндістанға жалғыз келу дұрыс шешім болды. Сен бірақ олай жасама! Аллаабад, мені түсінде шақырды. Мен келдім. 144 жылда бір болатын Ұлы мерекемен қарсы алдыңыз. Барлығы үшін рақмет”, – деп жазды актриса. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары