$ 510.49  527.29  5.27

«Екеуміз де ұлы сезімге мойынсұндық»: Ерке Есмахан тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді

"Ер мінезімен баурады. Менде де ұшқын болды. Бірақ қыз секілді мінез болды. Назданып, қырсықтым", - дейді Ерке.

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан тұрмыс құрмаған қыздарға ақыл айта жөнелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі тыңдарманының “12 жас үлкен жігіт сөз салды. Қалай қабылдасам болады?” деген сұраққа әнші кеңінен тоқталды. 

“Не үшін қиналып қабылдайсыз?! “Қалай қабылдаса болады?" деген сөздің өзі махаббат жоқ дегенді білдіреді. Бәрін қоя салыңыз. Өзіңізді де оны да алдамаңыз. Махаббат – бөлек әлем. Жасқа, ұлтқа, салмаққа қарамайтын ғажап сезім. Оны сезгенде қалай қабылдаймын деген сұрақ тумауы керек. Жүрек дүрсілдегенде ұшып кетесің”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін Райм екеуінің арасындағы сезімнің қалай пайда болғанын да айтып берді. 

“Біздің жұпта Райм маған ғашық болды. Сезімін білдірді. Ер мінезімен баурады. Менде де ұшқын болды. Бірақ қыз секілді мінез болды. Назданып, қырсықтым. Ақыры екеуміз де ұлы сезімге мойынсұндық. Соңында шаңырақ көтердік”, – деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары