11.02.2025, 11:20

«Тарихқа енді»: Тамара Асар күйеуінің жетістігін айтып, мақтанды (ФОТО)

Фото: tamara_assar_official инстаграм парақшасынан

Әке-шешеңіз тірі болғанда марқайып, мақтанып ағайын туысқа өздері хабарласып отырар еді… Әттең…

Танымал әнші Тамара Асар күйеуінің жетістігін көрсетіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің жолдасы "Астық" зауытының иесі. 

“Бапасы – Жұмаш Айтжанұлы. Бала күнгі арман-мақсатыңызды ұштастырған, жастық шағыңыздың албырт күшін арнаған өндірісіңіздің тарихқа енуі құтты болсын! Біз сіздің жетістіктеріңізге қуанып жүре берейік! Әке-шешеңіз тірі болғанда марқайып, мақтанып ағайын туысқа өздері хабарласып отырар еді… Әттең… “Made in Kazakhstan. Brands of Kazakhstan” кітабы – ел тарихындағы қазақстандық брендтер туралы алғашқы жинақ. Кітапта Қазақстандағы 30-дан астам жетекші компаниялардың брендтері топтастырылған. “Астық” зауыты да еніп, қуанып отырмыз. Шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан эконимикасына толағай табыстар әкеле беріңіздер! Отандық өндірістегі машина жасау саласына еңбектеріңіз сіңе берсін! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, өнер иесі бір аптаның ішінде тұрмысқа шығып кеткенін айтқан еді.