11.02.2025, 17:40

«Алыңдар да армандап жата беріңдер»: Блогер Мерей Әбілова «Армандар картасын» сатылымға шығарды

Фото: видеодан алынған кадр

«Армандар картасының» бағасы — 9900 теңге.

Белгілі блогер Мерей Әбілова өзінің авторлық «Армандар картасын» сатылымға шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Армандар картасының» бағасы — 9900 теңге.

«Бірнеше айлар бойы тоқтаусыз еңбегіміздін жемесі, міне! Жеке дизайныммен , жоғары сапада жасалған, бар махаббатым мен энергиямды салған өнім. Сіздердін армандарыңыздын орындалуына себепші боламын деп сенемін.

“Адам өзі өзгермейінше, оның жағдайы өзгермейді” деген екен, сол себепті бүгіннен өмірімізді өзгертуге әркетті бастайық. Ал “Армандар картасы” сол әркетті бастауға таптырмайтын құрал болмақ!», — деп жазды Мерей.

Алайда әлеуметтік желіде курс сатып алудан шаршаған жұрт блогердің бұл әрекетін сынай жөнелді.

«Қиялиларға арналған», «Ал ақымақтар, алыңдар да армандап жата беріңдер. Дұрыс, осылай алдап ақымақтардан ақша қағыңдар», «Ерке Есмаханнан қалмайын деді ғой бұл да», «Өзің сияқты блогерлер сат», — деп жазды олар.