12.02.2025, 06:30

«Үш қызым бар»: Жахан Отарғалиев арманы орындалғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Желі қолданушылары Жаханның бұл әрекетін жақтап, түрлі пікір жазуда.

Белгілі актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, арманы орындалғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бұрын мен қызым болса екен деп көп армандайтынмын. Аллаға шүкір сол арманым орындалды. Екі қызым бар. Қызың не айтса, соны істейсің», — деді ол видеода.

Желі қолданушылары Жаханның бұл әрекетін жақтап, түрлі пікір жазуда.

«Жетімнің басынан сыйпағанның сауабы көп», «Осы қыздарға жақсы әке болсаң, Алла саған да береді», «Бала тапқандыкі емес, баққандыкі», «Бақытты болыңдар, Құдай тілеуіңді берсін», — деп жазды олар.