Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған адам анықталды.
Күні кеше әлеуметтік желіде астаналық жасөспірімнің 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы ақпарат тараған еді. Осы оқиғаға байланысты әнші Қарақат Әбілдина пікір білдірді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
«Жантүршігерлік мына жағдайға жүрегім ауырып отыр. Не деген сұмдық мынау?! Басы істемейтін осындайлардың тайраңдап жүруіне неге рұқсат береді. Тыйым салу керек қой. Ата-ана, заң қайда қарап отыр?! Не болды ал? Бес жасар балақайдың не жазығы бар?! Сөзім жоқ менің. Ата-аналар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздаршы!», – деп жазды әнші.
Еске салсақ, полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған адам анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақыртылды, олар заңнамаға сәйкес міндетін тиісінше орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.