$ 503.61  524.96  5.58

«Ата-енесімен тұрады»: Журналист Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты мәлімдеме жасады

Өздері қаласа, кейінірек бөпелерін де көрсетер.

Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

БАҚ өкілі, журналист Анна Данченко әнші Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Медиа маманы өнер иесінің ана атанып, қызды болғанын сүйіншілеген еді. 

“Кеше осы сүйінші жаңалықпен бөліскен едім. Барлық сайттар, оқырмандар шулап кетті ғой. Ақпарат ресми түрде шыққан соң құттықтадым. Жекеге неше түрлі хаттар келді.

Кәмшат 2-3 ай бұрын босанды. Ата-енесімен тұрады. Тіпті кішкентай қызының суреттерін жіберіп жатқандар бар. Дұрыс қой енді, отбасы болған соң Алланың қалауымен балалы болды, өз өмірлері.

Өздері қаласа, кейінірек бөпелерін де көрсетер. Олар тыныш өмірді қалады. Бақытты болсын!", – деп жазды Анна Данченко.

Еске салайық, әнші отандық киножұлдыз Ғазірет Қажымұқанұлымен шаңырақ көтерген болатын. 

“Махаббатымыз сериалдың түсірілімі кезінде басталды. Мен отбасы құрылғаннан бері іштей өзгерген шығармын. Бірақ Кәмшаттың сырт келбетінің өзгеруіне мен әсер еткен жоқпын. Оған осылай киін деп ешқашан айтқан емеспін. Барлық мәселені бірге талқылаймыз. Біз танысқаннан бергі екі жыл ішінде психологияны көп оқыдық, меңгердік", – деді Ғазірет Қажымұқанұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары