15.02.2025, 14:30

«Көзінде мұңы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы анасы туралы жантебірентерлік жазба жариялады (ВИДЕО)

Фото: @sultankyzy

"Иә, расымен түрлі жағдайлар бастан өтті ғой".

Қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында ана қадірі туралы ой қозғап, анасының әр сәтін мәнді де сәнді қылғысы келетіні туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Менің жұлдызым – Дишинкам. Біріміздің анамыз қасымызда, біріміздікі жоқ… Қадірін ана болғанша біле де, түсіне бермейтініміз тағы бар. “Соңғы кезде мамаңызды көп көрсетесіз, көзінде мұңы бар, әбден қиындық көрген-ау” деген пікірлерді оқып қаламын. Иә, расымен түрлі жағдайлар бастан өтті ғой. Қайсыбірін айта берейік. Өткен өмірді қозғай бергеннен не пайда? Көбіміздің ата-анамыздың тағдыры ұқсас қой. Қиындыққа қарамай өсірді, оқытты, жеткізді. Шүкір, тәуба. Алға ұмтылуымыз керек. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың бақытын көруді баршамызға нәсіп етсін. Ал қазір ыңғайы келсе, барынша анама көңіл бөліп, әр сәтін мәнді де сәнді қылғым келеді", - деп жазған тележүргізуші анасымен бірге түскен видеосын бөлісті.