Медиа менеджер немересінің сүндеттелгенін айтты.
Белгілі продюсер Нұртас Айдарбеков отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Медиа менеджер немересінің сүндеттелгенін айтты.
“Өзімнің ұлымдарымды сүндетке отырғызған кезде, өзім жас болдым ба, ешнәрсе ойлаған жоқ едім. Осы немерелерімді сүндетке отырғызғанда мен үшін қиындау болды. Бүгін бәрі артта қалғандай, немерем жүгіріп жүргенін көріп, көңілім жайлаған соң, салып отырмын, ағайын! Алла баршаңызға осындай қуанышты күн сыйласын”, – деп жазды продюсер.
Еске салайық, Нұртас Айдарбеков ұлы Қайрат Нұртастың аяғынан шалушы көп екенін айтқан еді.