$ 498.75  523.09  5.46

«Аш адамдай...»: Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шарапов елді қыран-топан күлдірді (ВИДЕО)

Құдай тілегіңді берсін, елуге жет!

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Бұрын бір-бірімен соттасқан  танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов әлеуметтік желідегі трендтен қалыспады. Олар бір-бірінің кемшілік-қателігін әзіл ретінде жіпке тізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазір желіден тренд болып жатқан видеоны түсірген олар көпшілікті қыран-топан күлкінің астында қалдырды. Бұрын соттасқан танымал кісілер «Мен ең болмағанда…» деп басталатын әзіл видеода әпке мен іні ретінде тамаша қалжыңдасқан.

«Мен әлі елуге келген жоқпын», — деп  Нұрболхан Шарапов трендті бастады. 

Ләйлә Сұлтанқызы оған жауап ретінде:

«Сені де Құдай елуге жеткізсін! Ал мен комменттерде адамдармен ұрсысып, ел-жұртқа разоблачение жасап, танымалдық жинамаймын», — деп жауап берді.

Әзілкеш сәл ойланып, тағы бір дәлел келтірді:

«Мен, кем дегенде, ботокс жасатпадым», — деді. Ләйлә оған қалжыңмен: «Бір күні елуге келгенде, Нұрболхан блефаропластика жасатып жүрмейсің бе?», — деді. 

Нұрболхан да өзінің пікірін білдірді:

«Ал мен, кем дегенде, саясатты түсінбесем, оны сынап сөз қозғамаймын», — деді ол. Ләйлә оның сөзін қарсы пікірмен жалғастырып: «Ал мен аш адамдай Жаханның жаңа келіншегінің етін жегім келеді деп айтпаймын», — деп күліп жауап берді.

Осыдан соң Нұрболхан не деп айтарын білмей, жеңілгенін мойындап:

«Мен не айтарымды білмей қалдым. Жеңілдім. Ләйлә жеңді!», — деп қорытындылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 10
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары