$ 503.61  524.96  5.58

«Министр орынбасарының әйелін шапалақпен тартып жіберген»: Ескендір Хасанғалиевтың ұлы әкесін есіне алды

Ол білікті маман еді.

Фото: КТК
Фото: КТК

Биыл Қазақстанның халық әртісі, танымал сазгер Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Осыған орай, оның ұлы Біржан Хасанғалиев әкесі туралы қызықты оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Время» басылымына сілтеме жасап.

Біржан Хасанғалиев басылымға берген сұхбатында әкесінің оқудан шығарылған кезін еске алды. Ескендір Хасанғалиев 1959 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түскен. Алғашында дайындық бөліміне қабылданып, кейін екі бөлімде білім алған: бірі академиялық ән айту, екіншісі хор дирижері мамандығы. Оның педагогі Ленинград консерваториясының түлегі, дирижерлеу кафедрасының меңгерушісі Галина Виноградова болған.

«Ол өте жоғары білікті өз саласының маманы еді. Бірақ ұстаздықта ерекше әдісті қолданған екен - қол көтеретін. Үнемі солай болатын, тіпті кейде туфлиін шешіп, студенттерді өкшесінен ұрған екен», — дейді Біржан.

Соңғы курста оқып жүріп, дипломдық жұмысқа дайындық кезінде жас студент туфли өкшесімен қолынан ұрып жіберген ұстазына қарсылық танытып, оны шапалақпен тартып жіберіпті. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2221157-ministrding-orynbasarynyng-aielin-shapalaqpen-tartyp-zhibergen-eskendir-hasangalievtyng-uly-akesi-turaly-estelikterdi-bolisti/

«Қатты емес, бірақ бұл ақылға қонымсыз әрекет болды. Виноградова Қазақ ССР мәдениет министрі орынбасары Михаил Цукановтың жұбайы еді. Әкем болса, қарапайым ауыл баласы. Консерваториядағы ұстаздар оның әрекетін құптамай, оны оқудан шығару туралы жиналыс өткізбек болған. Бірақ ректор бұл жағдайда компромисске барып, Хасанғалиевті сырттай оқу бөліміне ауыстыруды ұсынған», — деп Біржан әкесінің басынан өткен оқиғаны баяндады. 

Бұл шешімді әділетсіз деп санаған Ескендір Хасанғалиев оқу ордасының есігін тарс жауып, сол жерде білімін жалғастырудан бас тартқан. Кейін, жоғары білім алу мақсатында, ол Шымкенттегі оқу орнында дәл осы мамандық бойынша оқып, тәмамдаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары