$ 502.47  525.83  5.68

«Қуандық себепкер болды»: Альбина Шардарова өнерге қалай келгенін жасырмай айтты

Әнші оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді.

Фото: Яндекс
Фото: Яндекс

Танымал әнші Альбина Шардарова өнерге қалай келгенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді. “Музыкалық біліміңіз бар ма?!” деген сұраққа өнер иесі жауапты балалық шағынан бастады. 

“Жалпы, өнерден алыс емеспін. Әкем де, анам да ән айтады. Музыкалық аспапта ойнайды. Кезінде отбасылық ансамбль болған. Бірақ мен өнер жолына барамын дегенде үйдегілер қарсы болған. Қыз балаға қажет емес, мінезің де келмейді” деді. Мен не айтса, соны істеп жүре бергенмін. Үйдегілерге қарсы келмеуші едім. Бірақ мен мектеп кезінен ән айтамын. Өзіме гитарамен ән айтқан ұнайтын. Гитараға қызығушылығым әкемнен дарыған. Ал үлкен сахнаға келуіме Қуандық ұлдарыңыз себепкер болды”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы университетте техникалық мамандықты игергенін жасырмады. 

“Политех – ең мықтысы. Негізі мен Астанаға түскім келген. Қаланы таңдаған кезде Алматыны бірінші жазған едім. Бәрібір түспейтін шығармын деген ой болған. Бұйырып тұрған екен. Оқыған университетім өзіме қатты ұнайды”, – деп жауап берді өнер иесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары