Ойбай, кино шығар.
Танымал актриса, блогер Әсел Асқар желіде "иә дедім" деген видеоны жүктеп, елден сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогер желідегі парақшасына өзіне актер Әбілмансұр Серіковтың сөз салған сәтін жария еткен.
Онда ол “Мен иә дедім”, — деп жазған актриса.
Белгілі болғандай, алдағы уақытта тағы бір екрекше кино туынды жарыққа шығармақ. Кино бойынша жұп болатынын жариялаған актрисаны көбісі түсінбей:
“Сенің әйелің бар емес пе?”, “Сендерді үйленеді деп ойламадым”, “Ойбай, кино шығар”,- деген сынды пікірлерімен бөлісуде.