$ 502.47  525.83  5.68

«Құдайдың өз жоспары бар»: Динара Сәтжанның анасы ауруханаға түсіп қалды

Қазіргі таңда Ақмарал Сәтжанға хирургиялық операция жасалып жатыр.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның анасы Ақмарал Сәтжан жарақат алып, ауруханаға түсті. Оған Астанада ота жасалып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Анам – біздің жанұямыздың шырағы. Мен көз тиюге сенбеймін, бірақ ананың қуатты күші бар екеніне кәміл сенемін. Әулеттегі әйелдер – отбасының қорғаны. Өкінішке қарай, кеше анам тайып құлап, шынтағын сындырып алды. 24 ақпанда Стамбулға медициналық тексеріске баруымыз керек еді, бірақ Құдайдың өз жоспары бар», – деп жазды Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазіргі таңда Ақмарал Сәтжанға хирургиялық операция жасалып жатыр. Жақындары мен жанкүйерлері оның тез сауығып кетуін тілеп, қолдау көрсетуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары