18.02.2025, 17:20

«Әйеліне оңай емес»: Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасова тағы да бірге жүр

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Желі қолданушылары отбасылы ер адаммен жиі бірге жүретін әншіні сынап, оған ескерту жасады. 

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова әріптесі Сәкен Майғазиев екеуін не байланыстыратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қос эстрада жұлдызы дуэт жазды. Оны Сәкен Майғазиевтің 50 жас кешінде орындамақ. 

“Айтпақшы, дуэт кіммен? Сәкешпен! Ән күшті, жүректерді қозғайды. "Сенсіз маған" деп аталады", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары отбасылы ер адаммен жиі бірге жүретін әншіні сынап, оған ескерту жасады. 

“Мадина бойдақ қыздар сияқты жүреді”, “Сәкеннің әйеліне де оңай емес”, “Өсек үшін не істемейсіңдер”, “Кемпір сияқты болып кеткен”, “Күйеуіммен жүргеннен гөрі Сәкенмен жүргені көп”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Сәкен Майғазиевтің әйеліне әлдекімдер қоңырау шалып, ескерту жасаған.