Желі қолданушылары күллі қазақ білетін әнді не себепті айтпай жүргенін сұрады.
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова “Бір болайық, нұрланайық” атты әнінің шығу тарихын баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жеке парақшасында осыдан 20 жыл бұрын түсірілген бағдарламаны бөлісті.
“Сейдолла Бәйтереков махаббатты бәрінен биік қойды. Әбдірахман Асылбек ағамыз сөзін жазды. “Бір болайық” әнін сазгер Заманбек пен Мақпалға арнайы жазды”, – деді бағдарлама жүргізушісі.
Желі қолданушылары күллі қазақ білетін әнді не себепті айтпай жүргенін сұрады.
“Зәкең бар кезде айттым. Ол жоқ кезде айтқым келмейді”, – деп жауап қатты әнші.
Одан кейін халық әртісі марқұм саясаткердің жазған өлеңдерін де көрсетті.