Мен үшін тек өзімнің ғана емес, жағалауымдагы жұрттың да үлкен өзгеріске бет бұрып, жарқын болашаққа бет алғаны маңызды.
Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева қазақ халқының қанына сіңген негатив дүниелерді айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қазақтың көреалмаушылық қанында бар екенін айтты.
“Біздің қазақ халқының ділінде қанына сіңіп, қалыптасып кеткен көптеген негатив дүниелер бар. Соның бірнешеуін атасам: кісіні жөнсіз сынап-мінеу, көреалмаушылық, кемшілігін теріп, жақсы қасиеттерін жоққа шығару, жалпы айналасындағы адамдардан тек жаман жағын ғана байқау. Осы жағымсыз қасиеттерінен біржола бас тартып, әркім өзін ғана көріп, өзіне күле білуді үйрену қажет деп санаймын. Мен үшін тек өзімнің ғана емес, жағалауымдагы жұрттың да үлкен өзгеріске бет бұрып, жарқын болашаққа бет алғаны маңызды”, – деп жазды актриса.
Одан кейін киножұлдыз орыс тілінде сөйлегені үшін оқырмандарынан оңбай сөз естігенін айтты.
“Бір жиында орысша сөйлеп, сөз естідім. Іскерлік кездесу кезінде мен спикер ретінде шақырылдым. Сол кезде орысша сөйлеуге тура келді. Өйткені жалғыз қазақтар емес, орыстар мен ұйғыр ұлтынан да тыңдаушылар бар еді. Одан кейін әлеуметтік желідегі трендті түсіріп тағы сөз естідім. Хейтерлер қаптап кетті. Бірақ қазір солар мені өшірмей, өсірген екен. Сондықтан оларға ренішім жоқ”, – деді әнші.