$ 502.47  525.83  5.68

«Қара бетперде киген»: Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты

Ол ешкіммен сөйлесуге құлық танытпаған.

Фото: @a.kishkenbaev
Фото: @a.kishkenbaev

Қазақстандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев қамаудан шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету бойынша 15 тәулікке қамалған болатын.

Еске сала кетейік, Алмас Кішкенбаевқа әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 434-баптың 1-бөлігіне сәйкес ("Адамдарға қорлайтын тәсілдермен жыныстық тұрғыдан қолсұғушылық көрсету, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзу") айып тағылған.

Сот шешімі бойынша, Кішкенбаев мас күйде кәмелетке толмаған жасөспірімге тиісіп, оған лайықсыз әрекеттер жасағаны анықталды. Сотта әнші бұл оқиғаның қалай болғанын есіне түсіре алмайтынын айтты. Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторынан шыққанда, оны қара түсті жол талғамайтын көлік күтіп алды.

Сағат 18:00-де Алмас Кішкенбаев изолятордан шықты, тілшімен сөйлесуден бас тартып, тез арада көлігіне отырып, кетіп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары