20.02.2025, 18:20

«Қазақстанның мақтанышы бол»: Илья Ильин қызының тұсауын кестірді (ВИДЕО)

Фото: caravan.kz

Қазақстанның жұлдызы әрі Мақтанышы бол!

Спортшы Илья Ильин мен жұбайы Татьяна қыздарының 1 жас туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Туған күн барысында қазақы дәстүрмен тұсау кесер рәсімі де өткен. Тіпті, 1 жасар Аилидің қазақша көйлек пен қамзол, үкілі тақия секілді қазақы нақышта киінгені көпшілікті таң қалдырған сыңайылы. 

Бүлдіршіннің тұсауын тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан кесті. 

«Бисмилляхи рахмани рахим! Мен сенімен өз сәттілігіммен бөлісемін. Әрдайым жолың болсын! Аяғыңды нық баса ғой, балапан. Құдай берген барлық әлеуетіңді іске асыра біл! Жаныңда әрқашан мейірімді және жақсы адамдар болсын! Қазақстанның жұлдызы әрі Мақтанышы бол! 

Илья, Татьяна Сіздерді тәп-тәтті қыздарыңыздың бірінші туған күнімен құттықтаймын Сенімдеріңіз үшін рақмет», — деп тілек білдірді Динара Сәтжан

Желі қолданушылары спортшының қазақы дәстүрмен той жасап, қызын қазақы нақышта киіндіргеніне риза болып, ақжарма тілектерін жаудыруда. 

«Илья мен жұбайы, жарайсыңдар! Нағыз патриот екенсіңдер», «Балапанды қазақша киіндеріп қойғаны қандай әдемі. Бақытты балалық шақ тілеймін», «Илья менің жерлесім. Біз сенімен мақтанамыз. Қызымыздың басқан қадамы оң болсын», «Мәссәған, қандай керет көрініс, жүрегім елжіреп кетті. Біздің дәстүрді сыйлағандарыңа рақмет», «Құттықтаймыз, Ильяның мына ісі көп адамға үлгі болды», — деп жазды олар.