$ 502.47  525.83  5.68

«Дұғамның бәрі қабыл болды»: Меккеде жүрген блогер таңданысын жасырмады (ВИДЕО)

Алланың шақыртуын қайта сезіндім.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әлеуметтік желі жұлдызына айналған маңғыстаулық блогер Әйгерім Ерғазы Меккеде қажылықта жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол қажылықта жүріп, көпшілікке ой салатын видеоны парақшасына жариялады.

Желі жұлдызының айтуынша, кезінде Меккеде тілеген барлық дұғасы қабыл болған.

«Бұлай болады деп күтпеппін. Мен Меккеге алғаш рет өзімнің емес, анамның қалауымен барғанмын. Сол сапар мен үшін бәрін өзгертті. Алғашқы құлшылығым мен дұғам осында болды.  Қажылығымызды анам мен сіңіліммен бірге өтедік. Сол Меккеде жасаған дұғаларымның бәрі 6 айда қабыл болды. Алланың шақыртуын қайта сезіндім. Бұл жолы мен құрбыммен барғым келді», - деді Әйгерім Ерғазы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 13
Күлкілі 21
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары