Бұл жағдайға бір адамдардың да қатысы болуы мүмкін.
Халық әртісі Роза Рымбаеваның әнші келіні Акерке Бүркітбай жары Әли Оқаповтың 2023 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған сәтінде отбасында болған жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл жағдай қоғамда дау тудырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әңгіме өрбітті.
«Тимур, сенің үйіңде отырғанда бәріміз Әлиді құттықтадық. Ертеңіне дау басталып кетті. Өзіміз де қорқып кеттік. Кореяда осындай шудан көп әртіс өзіне қол жұмсап жатыр. Әлидің сол кездегі ішкі жағдайында қандай арпалыс болғанын біз сырттай көрдік. Қолымыздан келгенше, жанында болып, қолдауға тырыстық.
Өте қиын кезең болды. Оны да жеңіл көретін адамдар болуы мүмкін. Оның ішінде анамыздың атына да өте ауыр сөз келді. Халық әртісі болмаса да, ешбір ана өзінің баласы үшін ондай сөз естімеуі керек. Бұл жағдайға бір адамдардың да қатысы болуы мүмкін деп ойлаймын. Өйткені, халық жауындай көрді. Сол оқиғадан кейін Әли бір апта нәр татпады, басын көтермеді. Көз алдымызда солып, өртеніп бара жатқандай болды. Анамыз үйіне шақырып, көңілімізді аулады. Ол кісі ештеңе болмағандай, шай тамағын дайындап, Зейінді бақты. Өйткені 50 жыл сахнада жүргенде естімеген сөзі қалмаған. Ол ешкімнің сөзін көңіліне алмайды. Әлиге де соны айтты», – деді әнші.
Еске салсақ, 2023 жылдың қазан айында әнші Әли Оқапов «Құрмет» орденімен марапатталған. Сол кезде әншінің бұл марапатқа лайық еместігі туралы әлеуметтік желіде шу болған еді.