Неге біз Air Astana-ға төлеп, FlyArystan-мен ұшуымыз керек?
Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов еліміздегі әуе кемелерін сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актер Алматыдан Астанаға ұшпақ болған.
«Air Astana-дан билет сатып алсақ та, рейсіміз (KC624 Астана – Алматы, 21.02.25, 11:20) FlyArystan-ға ауыстырылған. Бұл туралы соңғы сәтте хабарлап, «толық қайтарым немесе басқа рейске тегін ауыстыруды» ұсынып отыр. Бірақ неге біз Air Astana-ға төлеп, FlyArystan-мен ұшуымыз керек? Қызмет сапасы мен ұшақтың жайлылығы екі түрлі деңгейде. Аттың ақшасын алып, жаяу жібергендей жағдай. Бірдеңе десең, «шағымды сайтқа жазыңыз» деп шығарып салады. Біз осыған үнемі көне беруіміз керек пе?», – деп жазды актер.