22.02.2025, 13:30

«Облыс әкімі құттықтаған»: Нұрболат Абдуллин анасының мерейтойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Той үстінде Нұрболат Абдуллин анасының курстастарын шақырып, анасына ерекше тосын сый жасағанын көруге болады.

Белгілі әнші Нұрболат Абдуллиннің анасы 65 жасқа толды. Осыған орай әнші анасына той жасап, оған тосынсый жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тойдан видеоны әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына жариялаған.

"Тосын сыйға толы туған күн! Жасыңыз құтты болсын, анашым!", - деп жазып қойған әнші видеоның астына.

Той үстінде Нұрболат Абдуллин анасының курстастарын шақырып, анасына ерекше тосын сый жасағанын көруге болады. Одан бөлек мерейтойға әріптесінің анасын құттықтауға Мейрамбек Бесбаев, Нұржан Төлендиев, Ғазизхан Шекербеков, Жазира мен Жанболат Байырбековтер және көптеген басқа өнер жұлдыздары келген.

Сонымен бірге Нұрболаттың анасын Ақтөбе қаласы әкімі Асхат Шахаров арнайы құттықтап, оған "Еңбек ардагері" медалін табыстады.

Тойдан видеошашуды көрген оқырмандар жылы лебіздерін жаудырған.

"Мен неге жылап отырмын", "Анасына бар жақсыны сыйлап,төгіп қойған ұлдан айналасың ғой", "Құтты болсын анаңыздың 65 жас туған күні! Өмір жасы ұзақ болсын! Әдемі, сыпайы, ақ орамалы жарасып, осындай қуаныш сыйлаған сіздей ұлы бар ана шын бақытты. Алла разы болсын. Барша аналарға жұғысты болсын осындай күн балалары қуанышқа құшағын гүлге толтырып бахытты сәттер көп болсын! Керемет", - деп жазды оқырмандары.