Зейін өсті, сондықтан Зейінді таситын көлік те өссін деген ниетпен жаңа Exceed-ті қабыл ал.
Әнші, музыкант Әли Оқапов жұбайы Ақерке Бүркітбайға тосынсый жасап, жаңа көлік сыйға тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Роза Рымбаеваның тұңғыш ұлы Әли Оқапов жұбайына қалай тосынсый жасағанын Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті. Сол күні отбасы мүшелері автокөлік салонына жиналған.
"Мен сенің өз көлігіңді жақсы көретініңді білемін. Біз соны ауыстырайық деген ұсыныс жасағанда сен бас тарттың. Маған сенің көлігің ұнайды дедің. Сондықтан біз саған тосынсый жасап жатырмыз. Саған жаңа көлік сыйлаймыз. Зейін өсті, сондықтан Зейінді таситын көлік те өссін деген ниетпен жаңа Exceed-ті қабыл ал. Бұны біз баяғыдан жоспарлап жүргенбіз. Сен өткенде гонорарға менің көлігімді сұрағанда мен өзімді әрең ұстап отырдым. Бұл көлік сенікі болады дегенді айтқым келді. Ауызың дуалы, айтқаның келді", - деді Әли Оқапов.
Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай бұған дейін күйеуі Әли Оқаповтың бейнебаянының түсіріліміне қатысқанын айтқан еді. Сол үшін ол күйеуінен гонорар төлеуді сұраған болатын.
"Менің гонорарымды төледі. Алла тағала аузыма салып тұр екен. Маған осы көлікті бересің бе деген күні Әли маған оны сыйлайтынын білген екен. Әп-әдемі, менікі", - деді Ақерке Бүркітбай қуанышы қойнына сыймай.