$ 502.89  527.03  5.71

Желіде Димаш Құдайбергеннің ақ көйлек киген қызға сақина таққан видеосы тарады

Димаш ешкімге айтпай үйленіп жатыр ма?

Әлеуметтік желілерде әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ақ көйлек киген қызға сақина таққан видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлгі видеодан Димаштың той көйлегін киген қыздың саусағына жүзік салғаны анық байқалады.

Видеоны көрген көпшілік өз көзіне сенер-сенбесін білмей, абдырап қалған. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі оның жай ғана жарнамаға түскенін жарыса жазған. Ал енді бірі екі жасқа бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырған.

«Бақытты болыңдар!», «Бұл жарнаманың видеоролигі ғой», «Олар жарнамаға түсіп жатыр», «Димаш үйленіп жатыр ма? Бақыттарың баянды болсын!», «Бұл шынымен болғанда Димаш үшін қуанар едік. Қыз бала өте әдемі екен», - деп көпшілік жаза жөнелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары