25.02.2025, 19:00

Құмар ойынын жарнамалаған танымал әнші сотталып кетті

Фото: Pixabay

10 айға бас бостандығынан айырылды. 

Танымал түрік әншісі Сердар Ортадж ставкалар туралы заңды бұзғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ортадж жарнама және заңсыз ставкаларды көтермелеу туралы заңды бұзғаны үшін 10 айға бас бостандығынан айырылып, 400 лира айыппұл төлейді.

Haber Global мәліметінше, сот үкімді орындауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім Ыстамбұл прокуратурасы жүргізіп жатқан құмар ойындарды реттейтін заңнаманы бұзу ісін тергеу аясында шығарылды.

Түркияда заңсыз ставкаларды насихаттау ауыр қылмыс саналады. Сондықтан Ортадж бас бостандығынан айырылды.