Ол кезде кім жақсы оқиды, соған ғашық едік қой.
Белгілі әнші, "МузАРТ" тобының солисті Мейрамбек Бесбаев мектепте бірге оқыған алғашқы махаббатын көргенде шыдай алмай, құшақтап алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мейрамбек Бесбаев «Хабар» арнасының «Алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында алғашқы махаббаты жайлы ой қозғады.
«Ол кезде кім жақсы оқиды, соған ғашық едік қой. Бізде екі-үш қыз жақсы оқыды, солардың бәрін жақсы көретінмін. Алтынай жақсы оқыды. Айгүл Шакирова қатты оқыды», - дейді Мейрамбек Бесбаев.
Осыдан кейін бағдарлама жүргізушісі студияға Айгүл Шакированы шақырады. Дәл осы тұста әнші өз көзіне өзі сенбей, «алғашқы махаббатын» құшақтап алады. Сол сияқты жақсы оқитын қыздарға ғашық болып қалатынын кезекті рет жасырмай айтты.
«Біз бала болдық. Жақсы дос болдық. Мейрамбектің үйінде дискотека жасайтынбыз. Жиі-жиі бас қосатынбыз. Мейрамбекке сол кездің өзінде қыздардан түрлі-түрлі хаттар келетін», - деді Айгүл Шакирова.