26.02.2025, 16:40

«Жер басып жүрудің өзі күнә шығар»: Гүлзира Айдарбекова жұртты ойландырып қойды

Фото: Видеодан алынған кадр

Баласы мен анасын бір-біріне қарсы қойғандар сайтанның азғыруындағы күсәпірлер.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың туған күнін неліктен алдымен отбасымен емес, өзімен атап өткенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күні кеше Қайрат Нұртас өзінің кезекті туған күнін атап өткен. Ол өз туған күнінде алдымен анасына баруда жөн көрген.

Көпшілік әншінің бұл әрекетін сынға алып, не себепті өз отбасымен атап өтпегенін жарыса жазып жатыр. Осыған қатысты продюсер үнсіз қалмады.

«Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар екен. Дұрыс азамат алдымен анасына тағзым етеді, өмір бергеніңіз үшін деп, содан соң бала-шағасы отбасымен тойлай береді. Түнде 12-ден аса бере маған келді, енді Алла бұйыртса отбасына ұшты, сізге нақты жауап қажет болып бара жатса. Алладан соң, анасын жоғары қойса оған еш ренжімеңіз, керісінше отбасыңызға үлгі болсын. Ата-ананың разылығы, дұғасы болмаса жер басып жүрудің өзі күнә шығар. Оған қарсымын дегендер, баласы мен анасын бір-біріне қарсы қойғандар сайтанның азғыруындағы күсәпірлер дер едім. Қолыңыздан келсе біздің өміріміз бен әлемімізге араласпай, өз қалауыңызша өз өміріңізді сүргеніңіз абзал. Әр отбасының өз тәртібі, тәрбиесі бар, менің отбасым сізге ұнаса да ұнамаса да сіздің қалауыңызбен өмір сүрмейді», — деп желі арқылы оқырмандарына жауап берді.