26.02.2025, 17:00

«Бұтының арасынан өт…»: Ләйлә Сұлтанқызы сырын айтып қойды

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Бала көтере алмай жүрген келіншектерге түрлі ырымдарды айтып, көрсетіп жатады.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала көтере алмай жүрген әйелдермен сұхбаттасып, сырласты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның байқауынша, көбіне келіншектерге жақындары медицинаға қарағанда халықтың наным-сенімдеріне сенуді айтады екен.

«Бұтының арасынан өт… Бала көтере алмай жүрген келіншектерге түрлі ырымдарды айтып, көрсетіп жатады. Үмітін үзбейтіндер бәрін жасайды. Көнеді. Сенеді, сенбейді білмеймін. Алтын құрсақты ананың аяғының ортасынан өткізу, әулиеге түнеу, босанған әйелдің, не ер азаматтың іш киімін ұрлау, памперсты сыйлау, емшілерге бару, айтқанын істеу. Бұл мен сұхбат алып жүрген келіншектерден естігенім, білмейтінім қаншама?

Өміріңізде мұндай жағдайлар орын алса, бөлісіңіз. Өз басым тұрмысқа шыққан соң бір жылдай көтере алмағанда, босанған әйелдің іш киімін әкеліп берген құрбыларым болды, мен оны прикол деп қабылдадым», - деді тележүргізуші.