Қылмыс жасалды деген күдік жоқ.
"Вампир өлтіруші Баффи", "Өсекші қыз" және "ЕвроТрип" комедиясының жұлдызы, актриса Мишель Трахтенберг қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актриса 39 жаста өз үйінде өлі табылды.
Мишель Трахтенбергтің анасы оның мәйітін 26 ақпанда таңғы сағат 8-де Нью-Йорктің Орталық саябағындағы One Columbus Place пәтерінде тапқан. Актриса өлімінің себебі белгісіз. Бірақ оның өлімі қылмыстық іс ретінде зерттеліп жатқан жоқ. ABC News дерегіне сүйенсек, актрисаға жақында бауыр трансплантациясы жасалған.
Алайда өлімнің себебін жергілікті полиция қызметі анықтау үшін жұмыс бастаған.
"Қылмыс жасалды деген күдік жоқ. Өлімнің себебін медициналық сараптама анықтайды. Тергеу жалғасып жатыр", делінген Нью-Йорк полициясының мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Мишель Трахтенберг мигранттардың отбасынан шыққан. Оның анасы Одессада туып, АҚШ-қа қоныс аударған, әкесі – Германиядан.