$ 499.22  519.14  5.64

«Үлкен күнәңді жуа алмайды, інім»: Қайырымдылық жасаған Амилай елге жақпай қалды (ВИДЕО)

Трансгендер сауапты іс жасап, ағынан жарылса да мұнысы көпшіліктің көңілінен шыға қоймады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Амилай есімімен танымал трансгендер TikTok парақшасына қайырымды іс жасаған видеосын жүктеді. Алайда бұл әрекеті барлығына бірдей жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Көмектесу үшін артық ақшаң болу керек немесе бос уақытың болу міндетті емес. Біреудің күнін жақсартуға деген шынайы ниет болса, жай ғана күлімсіреу немесе қолдау сөзінің өзі бір көмек.

Біз жиі ойлаймыз: менің көмегім керек емес шығар, ол ештеңені өзгертпейді, деп. Бірақ әрқайсымыз кем дегенде бір жақсылық жасасақ? Біріміз баланың еміне бірнеше мың аударсақ, енді біріміз үйсіз адамға тамақ алып берсек оның өзі не деген көмек. Өзімізге байқалмаса да басқа адамдарға бұл үлкен қолдау.

Жақсылық үлкен қимылдарды қажет етпейді. Ол қарапайым әрекеттерде құралады. Ең бастысы — елемей өтіп кетпеу», — деп жазды ол.

Трансгендер сауапты іс жасап, ағынан жарылса да мұнысы көпшіліктің көңілінен шыға қоймады.

«Сен садақа беріп, қанша сауапты іс жасасаң да ол қабыл болмайды. Себебін өзің білетін шығарсың», «Бұл амалдарың үлкен күнәңді жаба алмайды-ау, інім», «Осыны видеоға түсірмей істесең болмай ма?», деді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары