Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бірі әншінің әрекетін ерсі деп санаса, енді бірі оны қолдап шықты.
Танымал әнші Алтынай Жорабаева тойдағы биі үшін тағы да сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видео жұрт арасында қызу талқыға түсті.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бірі әншінің әрекетін ерсі деп санаса, енді бірі оны қолдап шықты.
«Алтынай қазақтың абыройлы әншісі, ол да адам билегенде тұрған не бар... Ораза кезінде бір бірімізге жақсы сөз жазайық қазағым, ниетіміз түзу болсын», «Күндіз иман, кешке иван», «Алтынай, ерсі көрінеді», «Аузын ашып билегені болмаса, биі норм ғой», «Билесе не болыпты?», «Әдемі билеп тұр, өзіне жарасады», - деген пікірлер бар.
Әншіге қатысты бұл пікірталас әлі де толастар емес.