04.03.2025, 00:30

«Тағы көтеріп қоймас үшін идея тастаңыздар»: Ерке Есмахан үйде отырудан жалыққанын айтты

Фото: instagram.com/erkeesmaxan

«Айтқан сөз аффирмация» деген осы ғой. Шүкір! 

Танымал әнші Ерке Есмахан кезекті сәбиін өмірге әкелген соң шығармашылыққа ден қоятынын айтып, тыңдармандарын қуантып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әйелдің бақыты отбасы» деген әнді көп айтып қойғаным сонша, таза «домашняя әйел» болдым. «Айтқан сөз аффирмация» деген осы ғой. Шүкір! Сол үшін жақсы сөзге жақын болайық, ол біздің өмірімізге айналады. Босанып алған соң жаңа ән жазу керек болды. Қандай варианттар бар? Тағы көтеріп қоймас үшін ән айтуға идея тастаңыздар», - деп жан сырын ақтарды әнші әлеуметтік желіде.