Актриса Қасиетті ораза айында ниет еткенін айтты.
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актриса қасиетті ораза айында ниет еткенін айтты.
«Қасиетті Рамазан айына ниет еттім. Аса Мейірімдім, назарыңнан таса етпеші. Өмірде қандай жағдай болса да, жүрегімді қатайтып, көңілімді құлыптамашы. Өзіме деп берілетін сабағың мен сынағыңнан сүрінбеуге сана берші. Несібем мен ырысым тек өзіңнен екенін білемін. Жеткізгеніңе, жеткізбегеніңе, қажет сәтте еселеп, қайырсыз кезде қанағаттың қабына салып бергеніңе мың шүкір. Бұл жолы да дастарханымды емес жүрегімді безендендіруге, шамамның жеткенінше айналама мейірім төгуге мүмкіндік берші. Жаратқан жан мен тәннің оразасын қабыл етсін», — деді актриса.