Ол сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазды: Сұлу қыз пен құбыжық, Аладдин, Геркулес, Оққағар.
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды әлемдік жұлдыздармен серіктес ретінде культ әндердің авторы және продюсері болды:
Ол сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазды: Сұлу қыз пен құбыжық, Аладдин, Геркулес, Оққағар.
Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы Димаштың Love's not over yet атты жаңа әнін ұсынады.
Премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда, ал бейнеклип Димаштың YouTube арнасында жарияланады.