$ 494.84  537.4  5.58

«Тобығым жарылды»: Роза Әлқожа аяғын баса алмай жүргенін айтты

Енді қолдан тігілген етік киетін болдым.

Фото: @roza_alqozha
Фото: @roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығының сыр бергенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі аяғын сындырып алған еді. Алайда сол сынықтың зардабы әлі күнге дейін сезілетін көрінеді. 

“Былтыр ақпан айының ортасында аяғымды қайырып алып ем ғой?! Сонда тобығым жарылып, қызыл асық тайып кеткен еді. Содан бері аяқкиім табу қиын. Өзгеріске ұшырағаны бар, ауа райына байланысты биік өкшемен жүре алмай қалатыным бар, біраз қиналдым. Соның шешімі табылды. Арнайы аяқкиім тігетін жерді тауып, қуанып қайттым. Енді қолдан тігілген етік киетін болдым. Ұлттық құндылығымызға ішіміздің жылып тұратыны жасырын емес”, – деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары