07.03.2025, 12:20

«Отызда ұзатылдық»: Белгілі тележүргізуші «отырған» қыздарға кеңес берді

Фото: Instagram/Диана Скатова

Біреуге ерте келеді, біреуге кеш. 

Белгілі тележүргізуші Диана Скатова 30-да ұзатылғанын айтып, кеш тұрмыс құратын қыздарға шешім қабылдауда асықпауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тележүргізуші өз ойымен желідегі парақшасында бөлісті. 

«Кеше біреу жазғандай, 30-да ұзатылсақ та, 45-те кетсеңіздер де бақытты болыңыздар! Тұрмыс құруда дұрыс уақыт жоқ шығар, сірә. Болса, біздер не істедік? Біреуге ерте келеді, біреуге кеш. Сол келген бақ баянды болсын! Асығып, аптығып жүгірудің де қажеті шамалы. Мысалы, мен күтпеген жерден осы ара-қатынасымды бастадым) Сенесіздер ме? Ойымда түүк жоқ) Сол сияқты бақыт кімді, қашан, қалай табатыны біздің бақылдаудағы дүние емес. 

Қыз-қызға жанашыр! Асылында, әр аяулы жанның шын бақытты болуын тілеймін!», — деп жазды тележүргізуші.