Толық тізімді Ақорданың сайтынан көруге болады.
Әнші Қарақат Әбілдинаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттағандар тізімі:
Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы; Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты; Құспан Айгүл Сайфоллақызы – Парламент Мәжілісінің депутаты; Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК әншісі-әртісі.Толық тізімді Ақорданың сайтынан көруге болады.